Бейсенбі, 16.05.2024, 04:30
Басты бетТіркелуКіру
Қош келдіңіз! Гость | RSS
Сайт мәзірі
 Каталог статей 
Главная » Статьи » Мои статьи

Текст Anti (Rap-ak Otbasy) – Бір тамшыдай
Текст Anti (Rap-ak Otbasy) – Бір тамшыдай

Әдемі маған әрқашан менің сүйгенім әр кезде
Оның мінез қылықтарын бестен алсақ білем беске
Қара мысық жолды кеспе бұл махаббат торабынан
Шықпаймын торлы қорабынан, періштемсің жоғарыдан
Мен адасқанмын есімнен, себебі сені сүйемін
Бұл сезімнің соңында, болады сыйлық жүлделі
Сен – боласын маған әдемі
Мен санаймын сенің әр демін
Басқасы көрмесе де, әдемілігі сондай
Маған қараған келбет – аппақ тұнық айдай
Көзі қара-қоңырлау, ерні тәтті балдай
Ол маған ең сүйкімді оны алдай алмаймын
Тіпті алдағым келмейді мөлдіреген таза жанды
Кірленбеген ішкі жанды, ішкі сұлулық пен қанды
Баяндай берсем сұлулықты бітпейді
Және жүрегімдегі сезім сөнбейді

Сүйгеніме арналады бұл әуенім, мен сенемін
Бір боламыз, бір тамшыдай, сені ғана мен сүйемін
Сүйгеніме арналады бұл әуенім, мен сенемін
Бір боламыз, бір тамшыдай, сені мен сүйемін

Осы мезеттегі кезде, тек сенімен жүрген кезден
Бұл алпыс екі тамырым қан айналдырады сенсен
Сен деп айналдырады ғой сен деп қана өмір сүреді
Жүрек сен болмасаң өледі, жүректер болмасын бөлек
Көйлек кигіземін саған, той думанды болады дала
Жаңа бүршіктей бір дара емделді сенімен жара
Сенем болмайтынына жалған, тіпті орындалды арман
Сен туралы ойым жазады тоқтамай жазады қалам
Сүйемін мен сені жаным қайталап айтамын саған
Бақытымсын менің бағым сүйікті періштем тағы
Жүрек қағып дүрс соғады, жүгіреді менің қаным
Қазіргі өмірлік заңдар, болашақтан менің жарым
Түндер күйреп күндер жүйрек өтеді кейде солай дей ме?
Жақсы мейлі, көнем деймін бақытты боламыз кейін
Бақыттымыз бұған дейін, айтып мен де саған келем
Осы жүйем, жынымды түйем, ғашығымсын сені сүйем

Сүйгеніме арналады бұл әуенім, мен сенемін
Бір боламыз, бір тамшыдай, сені ғана мен сүйемін
Сүйгеніме арналады бұл әуенім, мен сенемін
Бір боламыз, бір тамшыдай, сені мен сүйемін
Категория: Мои статьи | Добавил: Anti (05.08.2013)
Просмотров: 567 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Іздеу







© 2011-2014 Rap-ak OtbasyСделать бесплатный сайт с uCoz